Елдос Ахметов: «Екінші таймда шабуылдаңдар деген тапсырма келді»

Елдос Ахметов: «Екінші таймда шабуылдаңдар деген тапсырма келді»

04 маусым 2022, 00:44
Қазақстан ұлттық құрамасының қорғаушысы Елдос Ахметов ойын туралы өз ойын айтты.

– Баршаңызды жеңіспен құттықтаймын! Сіздер көрсеткен қолдаудың арқасында оң нәтижеге қол жеткіздік. Енді мұнымен тоқтап қалмауымыз керек. Екі күннен кейін тағы бір матч бар. Бұйырса осы қалыптан танбай, жеңісті жолды жалғастырамыз деп ойлаймын. 

Ойынның алғашқы 20-25 минутын жақсы өткіздік. Осыдан кейін қиындықтар туындап, өз ойынымызды жоғалтып алдық. Бірақ қайтадан ес жиып, оң нәтиже тіркедік. 

– Екінші таймда жақсы ойнап кеттіңіздер. Үзілісте бапкер "Реал Мадридтің" ойынын көрсеткен жоқ па? 

– Жоқ, ондай болған жоқ. Бапкеріміз бізге алғашқы таймда жан-жақтан шабуылдау керектігімізді айтқан болатын. Бірақ ойынымыз жүрмеді. Үзілісте ол кісі тәуекел жасамай, тек позициялық шабуылға иек арту туралы тапсырма жүктеді. Бірақ "Реал" секілді ойнаңдар деген жоқ. 

– Елдос, ұлттық құрамаға көптен бері шақырту алмадыңыз. Ұзақ үзілістен кейін ойнау қаншалықты қиын болды? 

– Алғашында қобалжу болды, өйткені маған аздап қысым түсті. Мұндағы атмосфера чемпионатқа қарағанда басқаша болады. Алғашында тек қобалжу болды, бірақ ойын басталған соң бәрі реттелді. Менің ұлттық құрамаға келмегеніме қанша болды, 2-3 жыл болды ау, шамасы? Мені шақырған жаттықтырушыға рахмет (күлді). Мен осында ойнауды жалғастырып, Ұлттық құрамаға көмектескім келеді.

Бөлісу
Жоғары