Абат Айымбетов: «Үш күн сайын футбол ойнау ауыр екен»

Абат Айымбетов: «Үш күн сайын футбол ойнау ауыр екен»

12 маусым 2022, 20:35
Қазақстан құрамасының шабуылшысы Абат Айымбетов Словакиямен болатын матч алдында баспасөз мәслихатына қатысты.

– Үш күн сайын матч өткізу ойыншыларға қалай әсер етуде? 

– Қиынға соғуда. Бірақ амалымыз қанша, шыдауға тура келеді. Ертеңгі ойынға деген дайындық жақсы. Соңғы матчты жеңіспен аяқтауға тырысамыз. 

– Соққан голдарыңыздан кейін жанкүйерлер сізді Роналдуға теңеуде. 

– Әрине, Бензема, Роналду секілді ойыншылармен салыстырғаны жақсы әсер сыйлайды. Бірақ мен Аралдан шыққан Айымбетовпін. Бір күні сондай футболшы боламын деген үміттемін. 

– Қазақстан біріншілігі бел ортасына келді, ал Словакияда чемпионат аяқталып жатыр. Бұл біздің команда үшін артықшылық па? 

– Мұны ертеңгі ойын көрсетеді деп ойлаймын.

Бөлісу
Жоғары