Ғаламат жеңіс, топтағы тартыс
Өз алаңында Қазақстанға 0:1 есебімен есе жіберген словактар елордаға қарымта қайтару үшін келген еді. Ойынның 18-минутында оң қапталдағы Михаил Габышевтан пас алған Вороговский есеп ашты. 31-минутта Янның тағы бір гол соғатын мүмкіндігі болды. Есесіне сегіз минуттан кейін тағы да оң қапталдан Тағыбергеннің асырған пасын Астанов баспен қақпаға дөп түсірді. Бұл Эльханның ұлттық құрамадағы алғашқы голы ретінде тіркелді.
Екінші таймның басында словакиялық Матуш Берон жақын бұрышты дәл көздеп, есеп айырмасын қысқартты. Бұдан кейін Игорь Шацкий екі мәрте өз қақпасын аман алып қалды. 87-минутта дөрекі ойнаған словакиялық Ондрей Дуда алаңнан қуылды.
Осылайша, қарсыласын 2:1 есебімен тізе бүктірген Қазақстан құрамасы ұпай санын 10-ға жеткізді. Ресейлік маман Магомед Адиев жаттықтырғаннан бері қазақстандықтар төрт кездесудің үшеуінде жеңіске жетіп, біреуінде тең ойнады.
Қазақстан құрамасы қалған ойындарын қыркүйек айында өткізеді. 22 қыркүйекте Беларусьті қабылдаса, үш күннен кейін сырт алаңда Әзербайжанмен күш сынасады.
Қазақстан – Словакия – 2:1 (2:1)
Голдар: Вороговский 18, Астанов 39 – Беро 51
Сары қағаздар: Оразов 86 – Дьомбер 23, Дуда 86, Алмаси 90+4, Куцка 90+5
Қызыл қағаз: Дуда 87
Қазақстан: Шацкий (қ), Досмағамбетов, Әліп, Марочкин, Малый, Габышев (Қайыров 73), Тағыберген (к), Дарабаев (Ерланов 88), Вороговский (Оразов 73), Астанов (Логвиненко 83), Айымбетов (Самородов 88);
Қосалқы құрам: Сейсен (қ), Шайзада (қ), Сүйімбаев, Ахметов, Жарынбетов, Байтана, Шушеначев;
Бас бапкер: Магомед Адиев.
Словакия: Родак (в), Чватал (де Марко 46), Вальент, Гимбер, Пекарик, Беро (Алмаси 82), Горошовски, Гараслин (Суслов 88), Куцка (к), Дуда, Руснак (Стрелец 72);
Қосалқы құрам: Плах (в), Такач (в), Косцельник, Шатка, Лоботка, Шранц, Боженик, Регали;
Бас бапкердің міндетін атқарушы: Самуэль Словак.
Төрешілер: Брам ван Дриске, Ромен Девийерс, Кевин Монтени (барлығы – Бельгия)
VAR төрешілері: Роб Диперинк, Ингмар Оустром (екеуі де – Нидерланд)
13.06.2022. Нұр-Сұлтан, «Астана Арена». 28 745 көрермен.