Еуролига-2022. Қазақстан құрамасы жартылай финалда Түркияға жол берді
Жағажай футболынан Қазақстан құрамасы «В» дивизионының Промофиналының жартылай финалында Түркиямен ойнады.
Жарақаттарына байланысты ойынға команданың негізгі ойыншылары Станислав Макагон мен Игорь Демешко көмектесе алмады. Сонымен қатар ескертулер санының артықтығына байланысты Роман Богданов Түркиямен кездесуге қатыспады.
Матчтың бірінші таймы Түркияның пайдасына аяқталды – 3:1. Қарсылас үш минуттың ішінде екі гол соқты. Араға төрт минут салып Тимур Ершин есеп айырмасын қысқартты. Алғашқы таймның аяқталуына екі минут қалғанда Түркия есеп айырмасын ұлғайтты.
Екінші тайм тағы да Түркия құрамасының голымен басталды. Қазақстан құрамасынан Тимур Ершин мен Виталий Тюльпа үн қатты. Үзіліске бес минут қалғанда Қазақстан құрамасының ойыншысы Асқар Әжікенов екінші рет ескерту алып, алаңнан қуылды. Ойынның бұл бөлігі де түрік футболшыларының жеңісімен аяқталды – 6:4.
Үшінші таймда қос тарапта алты голдан соқты. Қорытынды есеп – 12:10.
Ертең, 31 шілде күні Қазақстан құрамасы үшінші орын таласта Грекиямен ойнайды. Ойын елорда уақытымен 20:15-те басталады.
Түркия – Қазақстан – 12:10 (3:1, 3:3, 6:6)
Голдар: Барыш 2, 30, 36, Кешкин 4, 15, 32, Эмрах 10, 23, 34, Эдже 19, Семих 30, Эфе 31 – Ершин 7, 16, 32, Тюльпа 19, 22, 34, Муралинов 28, 36, Перевертов 33, Гулый 34
30.07.2022. Еуролига-2022, «В» дивизионы,негізгі стадион. Кишинев, Молдова.