Қазақстан әйелдер құрамасы Словения және Эстониямен болатын ойындарға дайындықты бастады
Қыркүйекте біздің қыздар ӘЧ-2023 іріктеу кезеңі аясында екі матч өткізеді: 2 қыркүйек күні сырт алаңда Словениямен ойнасақ, 6 қыркүйекте Эстонияны қабылдаймыз.
Словенияға қарсы ойын Крань қаласындағы «Станко Млакар» стадионында өтеді. Басталу уақыты – Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 22:00-де. Төрт күннен кейін Айтбай Жамантаев шәкірттері Эстониямен Қарағандыдағы «Шахтер» стадионында кездеседі. Ойынның басталуына сағат 19:00-ге жоспарланған.
Қазақстан әйелдер құрамасының бас бапкері оқу-жаттығу жиынына шақырылған футболшылардың кеңейтілген тізімін жариялады.
Қақпашылар: Назым Исмаилова («Олимпия Клуж-Напока», Румыния), Ангелина Портнова («Адана Идман Юрду», Түркия), Анастасия Хохлова (Мұңайтпасов атындағы ОРРММК)
Қорғаушылар: Әйгерім Айтымова, Құндыз Қожахмет (екеуі де – «Томирис-Тұран»), Анастасия Власова, Жансая Қазиева (екеуі де – «Оқжетпес»), Юлия Мясникова (ЦСКА, Ресей), Александра Бурова, Айша Садықова, Мария Демидова, Әсел Орынбай (барлығы – «БИІК-Шымкент»);
Жартылай қорғаушылар: Карина Жұмабайқызы («Рязань-ВДВ», Ресей), Бибігүл Нұрышева, Әселхан Тұрлыбекова (екеуі де – «Томирис-Тұран»), Маргарита Талдыкина (БЖМОРСМ №17), Қазына Норбаева («БИІК-Шымкент»), Назерке Шалмұханбетова, Айдана Күзтай, Әсем Қаражанова (барлығы – «Оқжетпес»);
Шабуылшылар: Фатима Сатығалиева, Арайлым Орынбасарова (екеуі де – «Оқжетпес»), Нұрсұлу Балжан (БЖМОРСМ №17).
Жаттықтырушылар штабы: Айтбай Жамантаев – бас бапкер, Бегайым Қырғызбаева – бас бапкердің көмекшісі, Рамиль Хамитов – қақпашылардың жаттықтырушысы, Владимир Ляпкин – дене даярлығы жаттықтырушысы.