Қазақстан құрамасы топты бірінші орынмен аяқтады

Қазақстан құрамасы топты бірінші орынмен аяқтады

26 қыркүйек 2022, 00:18
Біздің футболшылар УЕФА Ұлттар лигасының топтық кезеңінің соңғы ойынын сырт алаңда өткізді.

Бакуде өткен ойында Қазақстан құрамасы алаң иелері Әзербайжан футболшыларынан 0:3 есебімен жеңіліп қалды. Бұл ойынға дейін турнир кестесінде жағдайды шешіп қойған Магомед Адиев бірқатар негізгі ойыншыларды алаңға алғашқы минуттан бастап шығармады. 

Бірінші таймда қос тарап есеп аша алмай, тең тарқасты. Алайда, Қазақстан құрамасының қорғаушысы Нұралы Әліп қызыл қағаз алып, ойынды үзіліске дейін аяқтауға мәжбүр болды. Сан басымдығын пайдаланған Әзербайжан құрамасы екінші таймда жауапсыз үш гол соқты. 

Әзербайжан – Қазақстан – 3:0 (0:0)

Голдар: Марочкин 66 (автогол), Озобич 74, Нуриев 90+1

Ескерту: Дадашов 27, Магомедалиев 36, Эмрели 86 – Оразов 29, Әліп 35, Садыбеков 83

Алаңнан қуылған ойыншы: Әліп 35 (екінші ескерту)

Әзербайжан: Магомедалиев, Джафаргулиев (Байрамов 58), Мустафазаде, Гусейнов, Хагверди, Озобич (Нуриев 88), Исрафилов (Исаев 46), Кекчю (Эмрели 46), Шейдаев, Дадашов (Гурбанлы 46);

Қазақстан: Шацкий, Досмағамбетов (Вороговский 68), Әліп, Марочкин, Быстров, Қайыров, Дарабаев (Садыбеков 80), Қуат (к), Астанов (Айымбетов 68), Оразов (Жарынбетов 80), Жұмабек (Малый 39);

Төрешілер: Осмерс, Кемптер, Шааль (барлығы – Германия).

25.09.2022. «Далга Арена», Баку, Әзербайжан. 

Бөлісу
Жоғары