Олжас Абраев «Монако» – «Байер» матчына делегат болып тағайындалды
22 ақпан 2023, 14:50

Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы Олжас Абраев УЕФА Еуропа лигасының плей-офф кезеңінде франциялық «Монако» және германиялық «Байер» арасында өтетін қарымта ойынның делегаты болып тағайындалды.
Ойын ертең, 23 ақпан күні Астана уақытымен 23:45 басталады.
Еуропа лигасы плей-офф кезеңінің алғашқы ойынында «Монако» сырт алаңда «Байер» командасын 3:2 есебімен ұтқан болатын.
УЕФА делегаты – матчты ұйымдастыруға жауапты, қауіпсіздік сұрақтары мен жарыстың тәртібін сақтауды бақылайтын УЕФА-ның ресми өкілі.
Олжас Абраев 2013 жылдан бастап УЕФА матчтарының делегаты қызметін атқарып келеді. Ал 2016 жылдан бастап ФИФА матчтарының комиссары, сонымен қатар УЕФА-ның маркетинг бойынша консультативті кеңесінің мүшесі.
Жаңалықтар
16 ақп., 21:27
15 ақп., 23:43
14 ақп., 22:15
11 ақп., 22:10
09 ақп., 22:46
07 ақп., 10:35