Қазақстан U-21 құрамасы Алматыда оқу-жаттығу жиынын өткізеді
Жиын «Қайрат» футбол клубының жаттығу базасында болады. Дайындық аясында біздің жігіттер екі жолдастық матч ойнайды. Бірінші қарсылас Қазақстан U-19 жасөспірімдер құрамасы болса, екінші команда кейін анықталады.
Қазақстан жастар құрамасының аға бапкері Қайрат Нұрдәулетов жиынға 25 ойыншыны шақырды:
Қақпашылар: Темірлан Анарбеков («Қайрат»), Данила Карпиков («Шахтер»), Абдухалил Махмудов («Торрент», Испания);
Қорғаушылар: Әділбек Жұмаханов («Атырау»), Александр Мрынский, Егор Ткаченко, Лев Кургин (барлығы – «Қайрат»), Саламат Жұмабеков («Астана»), Мейрамбек Қалмырза («Оқжетпес»), Владислав Кравченко («Қайрат-Жастар»), Константин Горизанов («Шахтер»);
Жартылай қорғаушылар: Әділхан Добай («Мақтарал»), Әділет Садыбеков, Ғалымжан Кенжебек, Мирас Көбеев (барлығы – «Қайрат»), Жаннұр Көкеев («Қайрат-Жастар»), Нұрғайни Бөрібаев («Тұран»), Муроджон Халматов («Ордабасы»), Абылайхан Назымханов («Шахтер»), Ерсұлтан Қалдыбеков («Тараз»), Ален Айманов («Елімай»), Денис Митрофанов («Ислочь», Беларусь), Давид Есімбеков («Жетісу»);
Шабуылшылар: Иван Свиридов («Шахтер»), Байжан Мәделхан («Муром», Ресей).
Бапкерлер штабы: Қайрат Нұрдәулетов – аға бапкер, Асқар Ыдырысов – аға бапкердің көмекшісі, Нұрбол Жұмасқалиев – аға бапкердің көмекшісі, Юрий Новиков – қақпашылардың жаттықтырушысы.