Қазақстан U-19 құрамасы. Ойыншылардың тізімі жарияланды
17-26 наурыз аралығында Талғар базасында Қазақстан U-19 командасының оқу-жаттығу жиыны болады. Дайындық барысында біздің жігіттер төрт жолдастық ойын өткізбек.
21 наурыз
Қазақстан U-19 – «Каспий» (жастар командасы)
24 наурыз
Қазақстан U-19 – Қазақстан U-21
26 наурыз
Қазақстан U-19 – «Жетысу» (жастар командасы)
Қазақстан U-19 – Қырғызстан U-19
Қазақстан U-19 жасөпірімдер құрамасының ойыншылар тізімі:
Қақпашылар: Дулат Талыспаев («Атырау»), Мирас Рихард («Қайрат»), Бейбарыс Қалдыбай («Каспий»);
Қорғаушылар: Әлихан Исраилов, Богдан Захарченко, Асқар Бижан, Олжас Байбек (барлығы – «Қайрат»), Валерий Вальмери («Марсет», Испания), Тагир Сәкенов, Рустам Жанхаев (екеуі де – «Шахтер»), Артур Щенников («Химнастика Сеговиана», Испания), Алмас Қанешев («Метеор Прага VIII», Чехия), Тимур Құрбанов, Руслан Захаров (екеуі де – «Жас Қыран»), Радион Волошин («Академия 05»), Досхан Дүйсенбек («Ақсу»);
Жартылай қорғаушылар: Әлішер Кенжеғұлов («Ақтөбе»), Даниял Таханов («Шахтер»), Абзал Баймолда («Тараз»), Ілияс Әбіл («Ақсу»), Абинұр Нұрымбет («Ұлытау»), Дінмұхамед Сайын («Академия 05»), Глеб Валгушев («Қайрат»), Мухаммедали Яшархан («Фатих Карагюмрюк», Түркия), Ахметали Қалтанов («Астана»);
Шабуылшылар: Бахтишат Абдуллаев («Академия 05»), Артем Литош («Қайрат»), Мохаммед Еңсебаев («Елімай»), Тамерлан Ағыманов («Ақсу»);
Бапкерлер штабы: Александр Кузнецов – аға бапкер, Игорь Маштаков – аға бапкердің көмекшісі, Азат Құрманов – қақпашылар бапкері, Владимир Горячий – бейнесарапшы.