Қазақстан құрамасы Словенияға есе жіберді

Қазақстан құрамасы Словенияға есе жіберді

23 наурыз 2023, 22:50
2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирі аясында Қазақстан ұлттық құрамасы алғашқы ойынын Словениямен өткізді.

Ойын 1:2 есебімен қонақтардың пайдасына аяқталды. Кездесудің 24-минутында Максим Самородов ұлттық құрамадаға алғашқы голын соққаннан кейін Қазақстан құрамасы бірінші таймды жеңіспен аяқтады. 

Үзілістен соң Словения құрамасы Давид Брекалоның голынан кейін таразы басын теңестірді.  Ойынның 78 минутында қонақтардың шабуылшысы Зан Випотник словенияның екінші голын соқты. Қорытынды есеп - 1:2.

Магомед Адиев командасы келесі ойынын 26 наурыз күні Даниямен өткізеді.

 

Қазақстан – Словения – 1:2 (1:0)

Голдар: Максим Самородов 24 – Давид Брекало 47, Зан Випотник 78

Ескерту: Марат Быстров 55, Рамазан Оразов 66 – Петар Стоянович 45+1

Қазақстан: Игорь Шацкий (қ), Ян Вороговский, Сергей Малый, Марат Быстров (Темірлан Ерланов 79), Александр Марочкин, Михаил Габышев (Бағдат Қайыров 68), Асхат Тағыберген (к), Аслан Дарабаев (Абзал Бейсебеков 79), Рамазан Оразов, Максим Самородов (Бауыржан Исламхан 62), Абат Айымбетов (Бактиер Зайнутдинов 62);

Резерв: Стас Покатилов (қ), Бекхан Шайзада (қ), Лев Скворцов, Тимур Досмағамбетов, Арман Кеңесов, Владислав Прокопенко, Абылайхан Жұмабек

Бас бапкер: Магомед Адиев.

Словения: Ян Облак (қ), Юре Балковец (Миха Зайц 46), Яка Бийол, Миха Блажич (Давид Брекало 5), Жан Карничник, Беньямин Вербич (Санди Ловрич 70), Йон Горенц, Йон Станкович, Адам Гнезда, Петар Стоянович, Беньямин Шешко, Жан Целар (Зан Випотник 70);

Резерв: Вид Белец (қ), Матевж Видовшек (қ), Ваня Дркушич, Жан Залетел, Томи Хорват, Андрес Вомбергар, Лука Захович, Тими Эльшник;

Бас бапкер: Матьяж Кек.

Төрешілер: Гленн Нюберг, Махбод Беиджи, Андреас Седерквист (барлығы – Швеция)

VAR төрешілері: Федайи Сан, Лионель Чуди (екеуі де – Швейцария)

23.03.2023. «Астана Арена», Астана, 27 122 жанкүйер. 

Бөлісу
Жоғары