Алматылық мектеп оқушылары «Былғары доп» турнирінде топ жарды
30 сәуір 2023, 16:01
Турнир Қазақстан футбол күні және отандық футболдың 110 жылдығына орайластырылды. Жарысты ұйымдастырушы – ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Ұлттық ғылыми-практикалық дене шынықтыру даярлығы орталығы.
Ұлттық мектеп лигасының жеңімпазы болып Алматы қаласының №31 мектеп-гимназиясы атанды. Күміс жүлде иегерлері Астана қаласының №64 мектеп-лицейінің оқушылары. Қола жүлде «Үлкеншыған» мектебінің (Панфилов ауылы, Жетісу облысы) оқушыларына бұйырды.
Финалдық кезеңге Қазақстанның түкпір-түкпірінен 14 команда, жалпы саны 224 жас футболшы қатысты.
Айта кетейік, мамыр айының басында Астанада қыздар арасында Ұлттық мектеп лигасының финалдық кезеңі өтеді.
Жаңалықтар
26 сәу., 16:30
26 сәу., 10:50
25 сәу., 20:22
20 сәу., 14:14