Магомед Адиев: «Мүмкіндіктерімізді пайдалана алмадық»

Магомед Адиев: «Мүмкіндіктерімізді пайдалана алмадық»

08 қыркүйек 2023, 00:22
Қазақстан құрамасының бас бапкері Магомед Адиев Еуро-2024 іріктеу кезеңі аясында Финляндияға қарсы өткен ойыннан кейінгі баспасөз мәслихатында матч туралы ойын айтты.

- Ұтылдық - таблодағы нәтиже ойынға сай. Бірақ матч тең аяқталуға жақын еді. Олардың да өз мүмкіндіктері болды, бізде де болды. Ойын барысында ойын тең аяқталып қалады деген ой келді. Бірақ гол жіберіп алып, өз мүмкіндіктерімізді пайдалана алмадық.

Алаңның ортасында қарсыластан басым түсуді қаладық. Кейбір тұстар қолымыздан келді, кейбіреулері келмеді. Тактикалық тұрғыда финдерді жеңуге ниет болды.

Өткен ойынды талдап, Солтүстік Ирландиямен болатын кездесуге жоспар құруымыз керек. Әрине, жеңілістен кейін өзгерістер енгіземіз.

Қарсыластардың бәрі мықты, бәрі ұпай жоғалтады. Әрине, біз жанкүйерлерді қуантқымыз келді, бүгін бізді қолдауға көптеген адамдар келді. Бірақ жеңілісті қабылдай білу керек. Әрине, бұны қабылдау қиын. Әсіресе мен, бас бапкер үшін.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары