Астанада футзалдан УЕФА-ның «В» категориясының курстары алғаш рет өтуде
Курстың бірінші модулі 28 қыркүйекте басталып, 1 қазанда аяқталады.
Курстың нұсқаушы-тәлімгерлері: Қазақстан құрамасының бас бапкері Пауло Рикардо Кака, Қарағандының «Тұлпар» клубының және Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері Әміржан Мұқанов, «Семей» МФК бас бапкері Дави Мендоса, «Қайрат» АФК жаттықтырушысы Луизиньо, «Семей» МФК жаттықтырушысы Аслан Смақов, сондай-ақ ҚФФ техникалық орталығының нұсқаушысы Станислав Погорелов.
Курсқа қатысушылардың тізімі: Виталий Александров, Досан Әлібаев, Жақсылық Байсариев, Николай Бочарников, Серік Үнбаев, Анатолий Одинцов, Руслан Садулаев, Дінмұхамбет Сүлейменов, Павел Таку, Қанат Танақбаев, Бекзат Хайрушев, Сергей Шевцов, Рамиль Юсупов, Асхат Әлжақсин, Бекет Парух, Василий Смолин, Жақсылық Әлішбаев, Сүндетқали Мамаев, Олег Солодовник, Жаде Биро Нилсон, Михаил Лермонтов, Даурен Нұрғожин, Григорий Шамро, Леонардо Де Мело.
Екінші модуль 6 қарашада басталып, 9 қарашада аяқталады. Оқудың үшінші бөлімі 4-6 желтоқсан аралығына жоспарланған, ал курстың қорытынды модулі 2024 жылдың 29 нан 31 қаңтар аралығында өтеді.
Бұл категория футзалдағы ең жоғары санат. Биылғы маусымнан бастап клубтардың бас бапкерлеріне, сондай-ақ олардың көмекшілеріне Қазақстан чемпионатында жұмыс істеу үшін «В» санатындағы курстан өту қажет.