Лео: «Ұлттық құрамаға қайта оралғаныма қуаныштымын»

Лео: «Ұлттық құрамаға қайта оралғаныма қуаныштымын»

05 қазан 2023, 11:08
Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы Лео Әзербайжанмен өтетін ойын алдында сұхбат берді:

– Ұлттық құрамаға қайта оралғаныма қуаныштымын. Еуро-2022 жарысында алған жарақатымнан кейін ұзақ ойнамадым. Қазір денсаулығым жақсы, Бразилия чемпионатында ойнап жүрмін. Қазақстан ұлттық құрамасының атмосферасы әрқашан жақсы. Күн сайын дайындығымызды жақсартып, Әзербайжан өтетін матчта жақсы ойын көрсетеміз деп санаймын. Біздің қарсыласымыз өте тәжірибелі команда. «Қайратта» ойнаған Вилела негізгі ойыншылардың бірі. Оған қарсы сақ ойнау керек. Қарсыластың ойын жүйесі туралы барлық ақпаратты алдық, толықтай зерттеу жүргіздік деп ойлаймын. Біздің жанкүйерлер әрқашан қолдау көрсетеді. Сол себепті ұлттық құрама үшін, жанкүйерлер үшін нәтиже көрсетуге дайынбыз. 

Бөлісу
Жоғары