Мадияр Кембілов: «Келесі ойында ротация болады»

Мадияр Кембілов: «Келесі ойында ротация болады»

25 қараша 2023, 14:15
Қазақстан әйелдер құрамасының бас бапкері Мадияр Кембілов Израильмен өткен ойын туралы пікір қалдырды:

– Ойын өте қиын болды. Өкінішке қарай, бір футболшымыз қызыл қағаз алып қалды, сол себепті келесі ойында ротация болады. Басқа ойыншылар өздерін көрсетеді деп сенеміз. Израильмен екінші ойыннан кейін өз алаңымызда Эстония және Армения құрамаларын қабылдаймыз. Барша футбол жанкүйерлерін 1 және 5 желтоқсан күні «Астана Арена» стадионына шақырамын. Жақсы ойын көрсетіп жанкүйерлерімізге қуаныш сыйлауға тырысамыз.

Бөлісу
Жоғары