Константин Горовенко: «Әрбір бапкер үшін ұлттық құрама командаларында жұмыс істеу – үлкен мәртебе»

Константин Горовенко: «Әрбір бапкер үшін ұлттық құрама командаларында жұмыс істеу – үлкен мәртебе»

12 қаңтар 2024, 10:31
Қазақстан жастар құрамасының жаңа аға бапкері Константин Горовенко ҚФФ баспасөз қызметіне алғашқы сұхбатын берді.

– Әрбір бапкер үшін ұлттық құрама командаларында жұмыс істеу – үлкен мәртебе. Жастар құрама жас ойыншыларға өсу үшін үлкен қадам. Біздің алғашқы мақсатымыз – ұлттық құрамалар арасында қарым-қатынас орнату. Әр елде көптеген жас ойыншылар бар. Матчтарды талдасақ, Қазақстанда да жас ойыншылар көп. Мысалы, жастар құрамасынан ұлттық құрамаға ауысқан Максим Самородов, Иван Свиридов те шақырту алып жүр. Біздің мақсатымыз – халықаралық тәжірибе арқылы жас ойыншыларымызды ұлттық құрамаға дайындау.

Жастар құрамасы әрқашан ұлттық құрамамен байланыста болып, бір ойын үлгісін ұстанғаны маңызды. Біз Магомед Мұсаұлымен сөйлестік, алдағы уақытта да пікір алмасуға тырысамыз. Өйткені, жастар құрамасындағы басты міндет – халықаралық тәжірибе жинақтау арқылы ұлттық құрамаға кедергісіз өтуді қамтамасыз ету.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары