Футбол клубтарын лицензиялау комиссиясының кезектен тыс отырысы өтті

Футбол клубтарын лицензиялау комиссиясының кезектен тыс отырысы өтті

15 ақпан 2024, 17:30
Қазақстан футбол федерациясының футбол клубтарын лицензиялау комиссиясының кезектен тыс отырысында лицензияға үміткерлердің есеп істерін тексеру қорытындысы бойынша келесі шешімдер қабылданды:

1. 2024 жылғы маусымда Премьер-лига командалары арасындағы футболдан OLIMPBET-Қазақстан Республикасының чемпионатына қатысудан бас тарту туралы келіп түскен өтініштерге сәйкес келесі клубтардың бухгалтерлік есебін OLIMPBET Қазақстан Республикасының чемпионатына қатысуға лицензияға үміткер ретінде қарастырылмады:

  • «Ақжайық» ФК
  • «Тараз» ФК
  • «Арыс» ФК
  • «Түркістан» ФК
  • «Хан-Тәңірі» ФК
  • «Оқжетпес» ФК

2. Түркістан облысының «Қыран» ФК 2024 жылғы маусымда Премьер-лига командалары арасындағы футболдан OLIMPBET-Қазақстан Республикасының чемпионатына қатысу үшін лицензиялау рәсімінен өтуге өтінімдерді белгіленген мерзімде бермеуіне байланысты қарауға қабылданбады.

3. «Футбол клубтарын ҚФФ ұйымдастыратын жарыстарға қатысуға лицензиялау ережесінің» ең төменгі талаптарын сақтамағаны үшін «Каспий» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынға футболдан OLIMPBET-Қазақстан Республикасының чемпионатына қатысуға Лицензия беруден бас тартылды.

4. «Футбол клубтарын ҚФФ ұйымдастыратын жарыстарға қатысуға лицензиялау ережесінің» ең төменгі талаптарын орындағаны және сақтағаны үшін «Ақсу» ФК футболдан OLIMPBET-Қазақстан Республикасының чемпионатына қатысу құқығына Лицензия берілді.

Бөлісу
Жоғары