«ALAÑ» жобасы: ҚФФ 2024 жылы 10 футбол алаңын жаңартады

«ALAÑ» жобасы: ҚФФ 2024 жылы 10 футбол алаңын жаңартады

15 наурыз 2024, 16:21
ҚФФ «ALAÑ» футбол алаңдарын қайта жанарту бағдарламасын жалғастырады.

Жоба аясында Тараз, Ақтау, Атырау, Өскемен, Көкшетау, Қызылорда, Петропавл, Ақсу, Аягөз және Саран қалалары қамтылып, жаңа 10 футбол алаңы іске қосылады. Айта кетейік, футбол алаңдары өңірлік билік өкілдеріне тегін беріледі.

«ALAÑ» бағдарламасы бұқаралық спортты дамыту мақсатында 2023 жылдың жаз мезгілінен бастауын алған еді. Үш жылға арналған бағдарлама УЕФА-ның қолдауымен жүзеге асырылады. Басты мақсат – республикадағы спорт инфрақұрылымын дамытып, бұқаралық футболды дамытуға жағдай жасау. Жобаның бас серіктесі 1XBET букмекерлік компаниясы.

«Футболдың болашағы зор және бұл спорт түрін дамытуға қажетті қолдау көрсетіледі. Біздің әлеуметтік жобамыздың қарқыны артып келеді және осы жылы аймақтарда еуропалық талаптарға сай футбол алаңдары пайдалануға беріледі. Футболды дамыту үшін, оған қолайлы жағдай жасау біздің стратегиямыздың басты мақсаттарының бірі саналады», - деді Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұлов.

Алаңдарды жаңарту еліміздегі балалар футболының дамуымен қатар, отандық клубтарға сертификатталған алаңдарда ойнауға мүмкіндік береді. Өңдеу барысы ашық түрде өтеді және ашылу сәтінде футбол фестивалі ұйымдастырылады. Айта кетейік, өткен жылы «ALAÑ» бағдарламасы аясында Алматы, Шымкент, Ақтөбе қалалары мен Жетісу облысында жаңа алаңдар қолданысқа берілген болатын.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары