Қазақстан футзал құрамасының Қырғызстан және Өзбекстан командаларына қарсы матчтарға құрамы

Қазақстан футзал құрамасының Қырғызстан және Өзбекстан командаларына қарсы матчтарға құрамы

31 наурыз 2024, 10:03
Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Рикардо Кака сәурдегі оқу-жаттығу жиынына шақырылған ойыншылардың тізімін жариялады.

Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Пауло Рикардо Кака сәуірдегі оқу-жаттығу жиынына тек Қазақстан чемпионатында өнер көрсететін ойыншыларды шақырды. Сондай-ақ, Біржан Оразов, Дәурен Тұрсағұлов және Дуглас жарақаттарына байланысты жиынға қатыспайды.

Ұлттық құраманың оқу-жаттығу жиыны 1 сәуірде Таразда басталады. 4 сәуір күні Қазақстан құрамасы Қырғызстанмен бақылау ойынын өткізеді. Тараптардың өзара келісімі бойынша ойын жабық өтеді.

Жоспар бойынша ойындар Ташкентте (Өзбекстан) өтуі керек еді. Алайда Өзбекстан футбол қауымдастығының 2024 жылғы әлем чемпионатының дайындығына байланысты өтініші бойынша қос кездесу Тараз қаласындағы «Тараз Арена» спорт кешеніне ауыстырылды.

Футзалдан Қазақстан құрамасының құрамы:

Қақпашылар: Игита, Нарун Серіков (екеуі де – «Қайрат»), Қанат Жеткірбаев («Ақтөбе»);

Алаңдағы ойыншылар: Эдсон, Арнольд Кнауб, Дамир Қайырбай, Жахангир Рашит (барлығы – «Қайрат»), Азат Валиуллин, Абдурасул Абдуманапұлы, Антон Рындин (барлығы – «Аят»), Асхат Көлбаев, Егор Нулет (екеуі де – «Ақтөбе»), Шыңғыс Есенаманов, Райымбек Жұма, Ринат Төреғазин, Батырхан Кенжеғали (барлығы – «Семей»), Төрехан Досов, Нұрканат Бахтияров (екеуі де – «Рахмет»).

Бапкерлер штабы: Рикардо Кака – бас бапкер, Павел Таку – сарапшы-бапкер, Ахматхон Искандаров – дәрігер, Ойбек Пулатов – массажист, Қуаныш Ізбасаров – менеджер.

Бөлісу
Жоғары