Тәртіптік-бақылау комитетінің кезекті отырысы өтті

Тәртіптік-бақылау комитетінің кезекті отырысы өтті

16 сәуір 2024, 18:06
2024 жылы 11 сәуірде Тәртіптік-бақылау комитетінің отырысы өтті.

Жиналыс барысында келесі шешімдер қабылданды:

«Бәйтерек» пен «БЖСМ Аят 1» командалары арасындағы футзалдан U-17 ҚР Біріншілігі

Қарсыласын айқын гол соғу мүмкіндігінен айырғаны үшін, ҚФФ ДР 44-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес «Бәйтерек» ФК ойыншысы Айбек Сатыбалды 3 (үш) ойынға шеттетілді. Қабылданған шешім 2024 жылдың 2 сәуірінен бастап күшіне енді.

 

«Рахмет» пен «Каспий» командалары арасындағы футзалдан ҚР Olimpbet-Чемпионаты

Қауіпті ойын көрсетіп, ойын тоқтатылғаннан кейін қарсыласының тамағынан ұстап, балағат сөз айтып спортқа жат әрекеті үшін ҚФФ ДР 44 бабы 1 тармағының 3 және 4 тармақшаларына сәйкес  «Каспий» ФК ойыншысы Ербол Жұмаханов 7 (жеті) ойыннан шеттетілді. Қабылданған шешім 2024 жылдың 30 наурызынан бастап күшіне енді.

 

«Бәйтерек» пен «Астана» командалары арасындағы футзалдан ҚР Біріншілігі

Матчтың ресми өкілдеріне (ары қарай МРӨ) спортқа жат әрекет көрсетіп, МРӨ-ға балағат сөз айтқаны үшін және МРӨ жұмысына бірнеше мәрте кедергі келтіргені үшін ҚФФ ДР 45 бабы 1 тармағының 1 тармақшасына сәйкес «Астана» командасының бапкері Хайрушева Б.Ж 4 (төрт) ойынға шеттетілді. Қабылданған шешім 2024 жылдың 8 сәуірінен бастап күшіне енді. «Астана» МФК-ға ДР №1 қосымшасына сәйкес 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынсын. Айыппұл 2024 жылдың 11 мамырына дейін төленуі тиіс. 

 

2024 жылғы Премьер-Лига клубтары арасындағы футболдан ҚР Olimpbet-Чемпионатының 3-туры

«Ордабасы» – «Қайрат»

«Ордабасы» ФК командасының жанкүйерлері (шығыс трибунасының 15-ші секторы) лазер матчтың 58 және 82-ші минуттарында «Қайрат» ФК ойыншылары мен төрешілерге лазер түсіргені ҚФФ ДР 9-бабына сәйкес «Ордабасы» ФК-ға ескерту жасалынсын.

Матчтың ресми өкілдеріне (төрешіге) балағат сөз айтқаны үшін ҚФФ ТР 64 бабы 1 тармағына сәйкес «Ордабасы» ФК-ға 120 АЕК мөлшерінде айыппұл салынсын. Айыппұл 2024 жылдың 11 мамырына дейін төленуі тиіс. 

Матч делегатының ескертуіне қарамастан техникалық аймақта (қосалқы төреші орнында) бөтен адамның болуына байланысты 2024 жылғы Премьер-Лига клубтары арасындағы футболдан ҚР Olimpbet-Чемпионаты Регламентінің 6.19. бабын бұзғаны үшін ҚФФ ТР №2 қосымшасына сәйкес «Ордабасы» ФК-ға 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салынсын. Айыппұл 2024 жылдың 11 мамырына дейін төленуі тиіс. 

Қысқа сұхбатты өткізуге арналған жылжымалы ақпараттық-жарнамалық конструкцияның болмауына байланысты 2024 жылғы Премьер-Лига клубтары арасындағы футболдан ҚР Olimpbet-Чемпионаты Техникалық регламентінің 3.8 бабын бұзғаны үшін ҚФФ ТР 9 бабына сәйкес «Ордабасы» ФК-ға ескерту жасалсын. 

 

«Ақтөбе» – «Жеңіс»

Ұйымдастыру жиналысында команда әкімшісі, жанкүйерлермен жұмыс жөніндегі қызметкер, медиа офицер, медициналық және өртке қарсы қызмет өкілдерінің болмауына байланысты 2024 жылғы Премьер-Лига клубтары арасындағы футболдан ҚР Olimpbet-Чемпионаты Регламентінің 6.50. және 6.104. баптарын бұзғаны үшін ҚФФ ТР №2 қосымшасына сәйкес «Ақтөбе» ФК-ға 80 АЕК мөлшерінде айыппұл салынсын. Айыппұл 2024 жылдың 11 мамырына дейін төленуі тиіс. 

 

«Астана» – «Елімай»

Команда ойыншыларының 6 (алты) ескерту алып, дөрекі ойыны үшін ҚФФ ТР 48-бабының 1) тармақшасына сәйкес «Елімай» ФК-ға 100АЕК мөлшерінде айыппұл салынсын. Айыппұл 2024 жылдың 11 мамырына дейін төленуі тиіс. 

Қарсыласын айқын гол соғу мүмкіндігінен айырғаны үшін «Астана» ФК ойыншысы Алекс Аманович 1 (бір) ойынға шеттетілді. Қабылданған шешім 2024 жылдың 31 наурызында күшіне енді.
Ұйымдастыру жиналысында медициналық қызмет өкілінің болмауына байланысты 2024 жылғы Премьер-Лига клубтары арасындағы футболдан ҚР Olimpbet-Чемпионаты Регламентінің 6.104. баптарын бұзғаны үшін ҚФФ ТР №2 қосымшасына сәйкес «Астана» ФК-ға 60 АЕК мөлшерінде айыппұл салынсын. Айыппұл 2024 жылдың 11 мамырына дейін төленуі тиіс. 

 

2024 жылғы 1XBET-Бірінші лига клубтары арасындағы футболдан ҚР Біріншілігінің 1 туры

«Тараз» – «Оқжетпес»

Ойын тоқтатылғаннан кейін қарсыласын доппен тепкені үшін ҚФФ ТР 44-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес «Тараз» командасының ойыншысы Еркебұлан Рахметулла 5 (бес) ойынға шеттетілді. Қабылданған шешім 2024 жылдың 4 сәуірінен бастап күшіне енді.

 

«Қайрат-Ж» – «Алтай Өскемен»

Команда ойыншыларының 5 (бес) ескерту алып, дөрекі ойыны үшін ҚФФ ТР 48-бабының 1) тармақшасына сәйкес «Алтай Өскемен» ФК-ға 50 АЕК мөлшерінде айыппұл салынсын. Айыппұл 2024 жылдың 11 мамырына дейін төленуі тиіс. 

 

«Хан-Тәңірі» – «Жетісай»

Допқа ойнау мүмкіндігі болмай тұрып шамадан тыс күшпен дөрек ойын көрсеткені үшін ҚФФ ТР 44 бабының 1 тармағының 2 тармақшасына сәйкес «Жетісай» ФК ойыншысы Бақдәулет Нәрзілда 3 (үш) матчқа шеттетілді. Қабылданған шешім 2024 жылдың 4 сәуірінен бастап күшіне енді.

Өртке қарсы қызмет көлігінің матч басталғаннан кейін 23 минутқа кешігіп келгеніне байланысты 2024 жылғы 1XBET-Бірінші лига клубтары арасындағы футболдан ҚР Біріншілігі Регламентінің 6.42.6. бабын бұзғаны үшін ҚФФ ТР 9 бабына сәйкес «Хан-Тәңірі» ФК-ға ескерту жасалынсын.

Жарнамалық тақтада жарыстың титулдық демеушісі логотиптерінің болмауына байланысты 2024 жылғы 1XBET-Бірінші лига клубтары арасындағы футболдан ҚР Біріншілігі Регламентінің 1.3.1. және 6.50. баптарын бұзғаны үшін ҚФФ ТР 9 бабына сәйкес «Хан-Тәңірі» ФК-ға ескерту жасалынсын.

Матчтан кейін баспасөз-мәслихатының өтпеуіне байланысты 2024 жылғы 1XBET-Бірінші лига клубтары арасындағы футболдан ҚР Біріншілігі Регламентінің 3.10. бабын бұзғаны үшін ҚФФ ТР 67 бабына сәйкес «Хан-Тәңірі» ФК-ға 40 АЕК мөлшерінде айыппұл салынсын. Айыппұл 2024 жылдың 11 мамырына дейін төленуі тиіс. 

Бөлісу
Жоғары