Қазақстан U-17 қыздар құрамасы Минсктегі УЕФА халықаралық турниріне қатысады
Біздің қыздар ҚФФ-ның Талғардағы базасында бес күндік оқу-жаттығу жиынын өткізіп, Минсктегі жарысқа аттанады. Сонда Мария Ялованың шәкірттері Беларусь, Түркия және Әзербайжан құрамаларымен бақ сынасады.
Қазақстан қыздар құрамасының жиынға шақыртылған ойыншылар тізімі:
Қақпашылар: Зарина Хайтметова («Ордабасы»), Каролина Гук («Астана»), Стелла Бобурчина-Луклянец («Ақсу»);
Қорғаушылар: Розанна Талипова, Айя Муттари, Николь Волженина (барлығы – «Қайрат»), Айзада Әділбек, Алина Колкова (екеуі де – БЖМОРСМ №8), Рамина Омарова («Астана»), Радима Нұрғалиева («Ақсу»);
Жартылай қорғаушылар: Ксения Сандер («Шахтер»), Алсу Темірбекова («Ақтөбе»), Жансезім Айсапар («Ордабасы»), Әсел Жолболат («Ордабасы»), Әминат Биғожина (БЖМОРСМ №8), Светлана Кузиева, Жәния Махаш (екеуі де – «Қайрат»);
Шабуылшылар: Данагүл Ахметжан («Шахтер»), Милана Головкова, Тамила Бахтиярова, Ару Ермағамбетова (барлығы – «Қайрат»), Дарья Компаниец («Тобыл»), Айсана Зекен («Ордабасы»), Аяулым Талғат (БЖМОРСМ №8), Ангелина Клинова («Trace»);
Бапкерлік штабы: Мария Ялова – бас бапкер, Юлия Мамонова – бас бапкердің көмекшісі, Екатерина Красюкова – фитнес бапкері, Мәдина Шойкина – қақпашылар бапкері, Азамат Оспанов – дәрігер, Лилия Каримова – массажист, Қуаныш Мұханбет – менеджер.
Қазақстан қыздар құрамасының ойындар күнтізбесі:
02.05.2024
Қазақстан WU-17 – Түркия WU-17
04.05.2024
Қазақстан WU-17 – Әзербайжан WU-17
07.05.2024
Беларусь WU-17 – Қазақстан WU-17