Бауыржан Сағындық: Екі түрлі тайм өткіздік

Бауыржан Сағындық: Екі түрлі тайм өткіздік

27 сәуір 2024, 15:04
Қазақстан U-17 жасөспірімдер құрамасының аға бапкері Бауыржан Сағындық УЕФА Даму кубогы турнирі аясында Сербия U-17 командасымен өткен матчы туралы пікірін айтты.

– Сөзімді балаларға жасаған еңбегі мен қайсар мінезі үшін алғыспен бастағым келеді. Олар соңына дейін жігерлік танытып, гол соғуға бар күшін салды. Ойынға келер болсақ, екі түрлі тайм өткіздік. Бірінші таймда тактикалық тұрғыда балалар бір-бірін сезіне алмады. Мүмкіндіктерімізді соңына дейін жеткізе алмадық. Шабуылда сенімділік жетпеді. 

Бұл жарыс бірінші кезекте футболшылар халықаралық деңгейде тәжірибе жинап, мүмкіндіктерін көрсетуге арналған. Сол себепті «Даму Кубогы» атын ақтап жатыр деп ойлаймын.

Бөлісу
Жоғары