ҚФФ Әдеп жөніндегі комитетінің отырысы өтті

ҚФФ Әдеп жөніндегі комитетінің отырысы өтті

11 маусым 2024, 16:32
2024 жылдың 10 маусымында Қазақстан футбол федерациясының Әдеп жөніндегі комитетінің отырысы өтті.

Қарсылас команданың атрибутикасына құрметсіздік танытқан «Қайрат» футзал клубы ойыншыларының спортқа жат әрекеттеріне қатысты сұрақты қарастыру:

Шешім:

«Қайрат» АФК-ға 500 АЕК мөлшерінде айыппұл салынсын. Айыппұлды 2024 жылдың 10 шілдесіне дейін төлеу қажет;

«Қайрат» АФК бас директоры А.М.Құжановаға ескерту түрінде тәртіптік санкция берілсін;

 

«Қайрат» АФК аталмыш жағдайдың бастамашыларын (араңдатушыларын) тауып, түсіндіру жұмысын жүргізуге міндеттелсін. Нәтижесін 2024 жылдың 24 маусымына дейін хабарласын.

Бөлісу
Жоғары