Қазақстан жасөспірімдер арасында футзалдан Еуро-2025 қабылдауға өтініш берді
21 маусым 2024, 16:43

Еуропа чемпионатын қабылдайтын ел туралы шешім 2024 жылдың қыркүйегінде УЕФА Атқару Комитетінің отырысында қабылданады. Өтініш қабылданған жағдайда турнир Астанада өтеді, ал Қазақстан жасөспірімдер құрамасы автоматты түрде Еуро-2025 финалдық кезеңінің қатысушысы болады.
Айта кетейік, 19 жасқа дейінгі футзалдан Еуропа чемпионаты 2025 жылдың қыркүйегінде өтеді.
Жаңалықтар
17 мау., 15:50