БАҚ өкілдерін футзалдан Әлем чемпионатына аккредиттеу басталды

БАҚ өкілдерін футзалдан Әлем чемпионатына аккредиттеу басталды

19 шілде 2024, 16:54
ФИФА медиаарнасында Өзбекстандағы футзалдан FIFA 2024 Әлем чемпионатына БАҚ өкілдерін аккредиттеу өтініш қабылдау басталды. 

Өтінішті қабылдау 2024 жылдың 16 тамызына дейін жалғасады.

Онлайн-формаға қол жеткізу және аккредиттеуге өтініш беру үшін БАҚ өкілдерінің ФИФА медиаарнасында расталған есеп жазбасы болуы керек. БАҚ өкілдерін аккредиттеуге өтінішті тек ФИФА медиаарнасында қабылдайды.

Айта кетейік, футзалдан 2024 жылғы Әлем чемпионаты 14 қыркүйек – 6 қазан аралығында Өзбекстанның Ташкент, Бұхара және Әндіжан қалаларында өтеді.

Бөлісу
Жоғары