Тарасенко, Досов, Бақтияров пен Иманалин команда сапынан кетті

Тарасенко, Досов, Бақтияров пен Иманалин команда сапынан кетті

28 тамыз 2024, 12:00
Футзаладан Қазақстан ұлттық құрамасының сапында өзгеріс болды.

Тәжікстанға қарсы жолдастық матчтардан кейін футзалдан Қазақстан құрамасының ойыншылары Семен Тарасенко, Төрехан Досов, Нұрқанат Бахтияров пен Қайрат Иманалин өз клубтарының сапына оралды.

«Бұған дейін жоспарлағанымыздай, Тәжікстанға қарсы жолдастық матчтардан кейін үш ойыншыны жібердік. Енді Иранмен өтетін жолдастық матчтардан соң тағы екі ойыншыны босатамыз. Алғашқы матчтардан соң Тарасенко, Досов пен Бахтияров кетті. Алайда Қайрат Иманалин командадан өз еркімен кеткісі келетінін айтты. Өтінішін қабыл алып, жиын үшін алғысымды айттым.

Иранға қарсы матчтардан соң тағы бір ойыншы клуб сапына оралады. Жігіттерге еңбегі үшін алғысымды айтып, сәттілік тілегім келеді! Алдағы матчтарға дайындық жоспар бойынша өтіп жатыр», – деді Кака.

Айта кетейік, команда Лео Жарагуа қосылып, бүгін бірінші жаттығуын өткізді.

Бөлісу
Жоғары