Қазақстан құрамасы Әлем чемпионатындағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді
Біздің жігіттер ойынның 15-минутында Ақжол Дәрібайдың соққысынан кейін есеп ашты. Доптың жолына бөгет болуға ұмтылған қарсыластың ойыншысы Абрахим Сухайб автогол авторы атанды.
Екі минуттан соң Ливия құрамасы қарымта шабуылда таразы басын теңестірді. Көзге түскен ойыншы – Мохамед Хамис.
Қазақстан құрамасының ойыншылары қарсыластың голына жылдам жауап қайтарды. Бір минуттың ішінде Біржан Оразов біздің құраманы тағы да алға шығарса, Жахангир Рашит есепті еселей түсті - 3:1.
Матчтың 35-минутында Альберт Ақбалықов есепті қорытындылап қоймай, ФИФА нұсқасы бойынша кездесудің ең үздік ойыншысы атанды.
Қазақстан құрамасы келесі ойынын 21 қыркүйек күні Ташкент қаласында «Хумо Арена» спорт кешенінде өткізеді. Ойынның басталу уақыты –17:30.
Ливия – Қазақстан – 1:4 (1:3)
Голдар: Сухайб 16 (автогол) – Оразов 16, Рашит 17, Ақбалықов 34
Ливия: Абукшеам, Азиз – Абдейхафиде, Сухайб, Алдрфлш, Банина, Хамис, Лемхаммел, Зриг, Джазура, Аладжнеф, Сулейман (к), Алиамни.
Бас бапкер: Рикардо Инигес.
Қазақстан: Игита (к), Лео, Оразов, Дуглас, Кнауб – Серіков, Есенаманов, Төреғазин, Дәрібай, Абдуманапұлы, Валиуллин, Ақбалықов, Рашит.
Бас бапкер: Пауло Рикардо Кака.
Төрешілер: Даниэль Родригес, Кристиан Эспиндола, Ориана Замбрано.
18.09.2024. Әндіжан әмбебап спорт кешені, Әндіжан. 1572 көрермен.