Футзалдан Қазақстан құрамасы жолдастық матчта Аргентинадан басым түсті
Алматы қаласындағы Балуан Шолақ атындағы спорт кешенінде футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2021 жылғы әлем чемпионатының финалисі Аргентинамен кездесті.
Матч 3:2 есебімен аяқталды. Қазақстан құрамасы үш голды да бірінші таймда соқты. Гол авторлары: Дәурен Тұрсағұлов, Ақжол Дәрібай және Арнольд Кнауб.
Қазақстан – Аргентина – 3:2 (3:0)
Голдар: Тұрсағұлов 6, Дәрібай 10, Кнауб 15, Борруто 31, 32
Ескертулер: Таборда 15, Серіков 31
Қазақстан: Игита (К), Серіков, Кнауб, Абдуманапұлы, Валиуллин, Лео, Ақбалықов, Есенаманов, Оразов, Тұрсағұлов , Рашит, Дуглас, Дәрібай, Төреғазин;
Бас бапкер: Пауло Рикардо Кака;
Аргентина: Сармиенто, Кравецкий, Триподи, Клаудино, Боло, Плаза, Корсо, Роса, Гауна, Борруто, Вапораки, Бранди, Джерати, Таборда (К);
Бас бапкер: Матиас Лукуикс;
Төрешілер: Аслан Галаев, Төрехан Тұрсымбаев (екеуі де – Қазақстан);
08.09.2024. «Балуан Шолақ» атындағы спорт кешені, Алматы. 2 846