Қазақстан U-15 құрамасы Бішкекте өтетін Talents Cup турниріне қатысады
18 қазан 2024, 11:07

Жарыс 22 қазан - 26 қазан аралығында Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында өтеді.
Турнирде 15 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасынан бөлек Қырғызстан, Бахрейн және Өзбекстан елдерінің 2010 жылы туған жасөспірімдер құрамалары өнер көрсетеді.
Қазақстан U-15 құрамасы жарыстың әр қатысушысына қарсы бір ойыннан өткізеді.
Ұлттық академияның ойыншылары алдағы турнирге дайындықты Талғардағы ҚФФ құрама командалары базасында өткізіп жатыр.
Жаңалықтар
17 қаз., 15:25
13 қаз., 19:55
11 қаз., 13:46
11 қаз., 01:50
08 қаз., 23:00
08 қаз., 17:00