ҚФФ БТЭК отырысы өтті

ҚФФ БТЭК отырысы өтті

02 қараша 2024, 12:21
2024 жылғы 1 қарашада Қазақстан футбол федерациясы Бақылау, тәртіптік және этика комитетінің отырысы өтті.

OLIMPBET-Қазақстан чемпионаты. 17-тур

«Астана» - «Атырау»

Қазақстан футбол федерациясы Этикалық кодексінің 10, 12, 13 тармақтарын бұзғаны үшін, атап айтқанда, OLIMPBET-Қазақстан Республикасы чемпионатының 17-турындағы «Астана» - «Атырау» командалары арасындағы ойында спорттық емес, қорлайтын мінез-құлық танытып, қарсылас команда ойыншысына физикалық әсер еткені үшін, ҚФФ Этикалық кодексінің 48-тармағына сәйкес «Астана» командасының бас бапкері Григорий Константинович Бабаянды 2 (екі) ойынға шеттетіп, 300 АЕК көлемінде 1 107 600 (бір миллион жүз жеті мың алты жүз) теңге айыппұл салынсын. Шеттету мерзімі 2024 жылғы 31 қазаннан бастап есептеледі. Григорий Константинович Бабаян 2024 жылғы 1 желтоқсанға дейін айыппұлды төлеуі тиіс.

Команданың тәртіпсіздігі үшін, атап айтқанда, OLIMPBET-Қазақстан Республикасы чемпионатының 17-турындағы «Астана» - «Атырау» командалары арасындағы ойында команда ойыншыларының 5 (бес) ескерту алғаны үшін, ҚФФ Дисциплинарлық регламентінің 48-бабының 1-тармағына сәйкес, КФФ ДР №1 қосымшасына сәйкес «Атырау» ФК-на 100 АЕК көлемінде 369 200 (үш жүз алпыс тоғыз мың екі жүз) теңге айыппұл салынсын. «Атырау» ФК 2024 жылғы 1 желтоқсанға дейін айыппұлды төлеуі тиіс.

ҚФФ Дисциплинарлық регламентінің 53-бабын бұзғаны үшін, атап айтқанда, қарсылас команда бас бапкеріне қорлайтын мінез-құлық көрсеткені үшін, ҚФФ ДР 74-бабының 4-тармағына сәйкес «Атырау» командасының ойыншысы Barbosa Soares Mateus-қа 200 АЕК көлемінде 738 400 (жеті жүз отыз сегіз мың төрт жүз) теңге айыппұл салынсын. Barbosa Soares Mateus 2024 жылғы 1 желтоқсанға дейін айыппұлды төлеуі тиіс.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары