Қазақстан – Аустрия ойыны қарсаңында жанкүйерлерге арналған іс-шаралар

Қазақстан футбол федерациясы оңтүстік астананың тұрғындары мен қонақтарын стадионға ертерек келуге шақырады. Жанкүйерлерді Қазақстан құрамасының бас демеушісі Олимпбет БК ұсынған іс-шаралар күтеді.
Орталық стадионда ойынға дейін өтетін ойын-сауықтар:
- Мерч-дүкендерінен Қазақстан құрамасының жанкүйерлік атрибутикасын сатып алу.
- Футбол сырғанағы.
- Футгольф ойыны.
- Сабсоккер ойыны - үстел басында отырып футбол ойнау.
- Панна-футболда бір-бірімен күш сынасу.
- Футбол маятнигімен жаттығу жасау.
- Корнхолл ойыны - қиғаш тақтадағы тесікке жүгері салынған қапшықты лақтыру.
Қазақстан – Аустрия матчы 20:00-де басталады, бірақ стадионға 18:00-де келуді ұсынамыз. Матчқа билеттерді Ticketon.kz сайтынан сатып алуға болады, олардың бағасы орынға байланысты 3000-нан 12000 теңгеге дейін.