Астанада ЦП футболынан VII Қазақстан чемпионаты өтеді

Турнирге Алматы, Тараз, Шымкент, Қарағанды және Астана қалаларынан командалар қатысады. Олар 2024/25 маусымының үздік командасы атағы үшін табанды күреске түседі. Әр ойын – рухтың күші, табандылық және жеңіске деген ұмтылыстың көрінісі.
«Бұл турнир – жай ғана спорттық іс-шара емес. Бұл – табандылық пен өзіңе деген сенімнің мерекесі. Мұнда шектеулер жойылып, мүмкін еместің мүмкін екенін дәлелдейтін қаһармандар дүниеге келеді», – деп атап өтті ҚФФ тұрақты даму жобасының жетекшісі Шыңғыс Темірханов.
Турнирдің үздік ойыншылары 2025 жылы Ирландияда өтетін Еуропа чемпионатында Қазақстанның атынан жарысқа қатысады. Бұл – халықаралық аренада өзіңді танытуға берілген бірегей мүмкіндік.
Нағыз спорт мерекесінің атмосферасына еніп, ойыншылардың қуатымен шабыттанып, өмірді өзгертетін оқиғаның бір бөлігі болыңыз.
Күні: 2025 жылдың 19 қаңтары, сағат 12:00
Өтетін орны: Астана қаласы, Қазақстан футбол федерациясының манежі (Бауыржан Момышұлы даңғылы, 5А).