Қазақстан құрамасы Андоррада жеңіске жете алмады

Қазақстан құрамасы Андоррада жеңіске жете алмады

11 қыркүйек 2018, 02:38
УЕФА Ұлттар Лигасының екінші ойынында Қазақстан құрамасы бір ғана ұпайды иеленді.

Кездесуде есеп екінші таймда ашылды. Ойынның 68-минутында Бауыржан Исламханның бұрыштамада көтерген добын қорғаушы Юрий Логвиненко баспен ұрып, қақпа торына дарытты. Қазақстан құрамасы алға шықты - 0:1.

Қазақстан құрамасы ойынның аяқталуына он бес минут қалғанда, жасыл алаңда он ойыншымен қалды. Қарсыластың қарымта шабуылын тоқтатқаны үшін Серікжан Мужиков екінші ескертуіне алып, алаңнан қуылды.

Матчтың 86 минутында Андорра құрамасы таразы басын теңестірді. Қазақстан құрамасының капитаны Дмитрий Шомконың қателігін пайдаланған Жорди Алаэс көзге түсті. Қорытынды есеп - 1:1.

Андорра - Қазақстан - 1:1 (0:0)

Голдар: Алаэс 86Логвиненко 68 

Ескерту: Мартинез 39, Алаэс 79 - Тұңғышбаев 11, Мужиков 45+2

Алаңнан қуылған ойыншы: Мужиков 76 (екінші сары қағаз)

Андорра: Гомес (гк), Мартинез, Велес, Ребес, Лима (к), Клементе (Алаэс 69), Вийера, Сан Николас, Рубио (Гомес 80), Червос, Лловера.

Қазақстан: Эрич, Постников, Қуат, Мужиков, Исламхан, Тұңғышбаев (Зайнутдинов 66), Щеткин, Муртазаев (Тұрысбек 59), Шомко (к), Бейсебеков (Сейдахмет 90), Логвиненко.

Төрешілер: Тораринссон, Гудмундссон, Сигурдарсон (барлығы - Исландия)

10.09.2018. Андорра. «Естади Насьональ».

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары