СҚО УЕФА бұқаралық футбол аптасын қолдады

СҚО УЕФА бұқаралық футбол аптасын қолдады

24 қыркүйек 2018, 18:11
УЕФА бұқаралық футбол аптасы аясында Солтүстік Қазақстан облысының футбол федерациясының қолдауымен Петропавл қаласында 2010-2011 жылы туылған балалар арасында футболдан жарыстар өткізілді.

Барлығы турнирге 7 команда қатысты. Алты тур қорытындысы бойынша жарыс жеңімпазы «Қызыл-Жар» СК командасы атанды, екінші орынға жеке футбол мектеп командасы «Авангард» атанды, үздік үштікке «Юниор» ілікті.

Жүлдегерлерді марапаттау рәсіміне Петропавл қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Данияр Жулдаспаев, «Қызыл-Жар» СК футбол клубының техникалық директоры Федор Симиниди және команда ойыншылары Тимур Мульдинов пен Момоду Сиссей қатысты.

Жүлдегерлер мен жеңімпаздар медальдар және кубоктармен марапатталды. Сонымен қатар, Қазақстан футбол Федерациясы атынан қатысушыларға футбол доптары сыйлыққа тарту етілді.   

Бөлісу
Жоғары