Станимир Стоилов: «Бүгін гол соғатын сәттеріміз қарсыластан көп болды»
- Бүгін өте тартысты ойын болды деп санаймын. Қос команда да әдемі ойын өрнегін көрсетуге тырысты. Бірнеше гол соғатын мүмкіндіктер болды. Алайда, шабуылды соңына дейін жүзеге асыра алмадық. Бүгін ойыншылардың жеңіске жету деген ұмтылысы зор болды. Шабуылды аяқтау мәселесі әлі шешілген жоқ. Оның үстіне орынсыз гол жібердік. Команданың ойынына көңілім толмайды деп айта алмаймын.
- Екінші таймда алаңға шыққан футболшылар ойынды күшейте алды ма?
- Екінші таймды да жақсы өткіздік. Мен ойыншыны алаңға шығаруға асықпадым. Ойыншылардың барлығы жасыл алаңда бар күш-жігерін жұмсады. Жаттықтырушылар штабы шабуыл шебінде үш ойыншыны алмастырды. Екінші голды соқпадық. Сол себепті үзілістен кейін алаңға шыққан футболшылар ойынды күшейте алды деп айта алмаймын. Кездесу соңына дейін гол соғатын сәттер болды.
- Андоррамен өткен ойындағыдай бүгінде шабуылды аяқтай алмадық. Шабуылшы мәселесі шешілмей тұр. Осы ойыннан кейін қандай шара қолданасыз?
- Бүгін Андоррада өткен ойынмен салыстырғанда гол соғатын сәттер көбірек болды. Біздің клубтардың барлығында легионер шабуылшылар ойнайды. Сол себепті бұл мәселені қысқа уақыттың ішінде түбегейлі шешу мүмкін емес. Осы уақытқа дейін деңгейлерін дәлелдеген тәжірибелі ойыншылар бар. Сонымен қатар, сенім ақтайтын жастарға да мүмкіндік беру керек. Бүгін жақсы ойын болды. Латвия салмақты қарсылас. Алайда, жасыл алаңда қарсыластан сәл басымдырақ болдық деп санаймын.
- Қазақстандық жанкүйерлер Ұлттық құрамадағы өзгерістерге оң баға беріп жатыр. Әсіресе, жастардың еліміздің бас құрамаға тартылуы. Зайнутдинов, Сейдахмет және Федин. Әрі қарай жас футболшыларға мүмкіндік бересіз бе?
- Менің міндетім – ойын үлгісін өзгертіп, жастарды тарту. Бұл сөзді алғашқы баспасөз мәслихатында айтқан едім. Алғашқы ойыннан бастап барлығы мінсіз болады деп айта алмаймын. Жастар құрамасын қараймыз. Федин, Соколенко, Вороговский сол жақтан келді. Үміткерлер жақсы қырынан танылып, ұлттық құрамаға көмек көрсетуге дайын болуы тиіс. Сол сәтте назар аударамыз.
- Қазақстан құрамасы келесі ойында Андорраны қабылдайды. Ойын нәтижесі стадионға жиналған жанкүйерлердің қолдауына тәуелді болатыны қаншалықты рас?
- Астана стадионында жанкүйерледің қолдауын күтеміз. Үш қиын ойыннан кейін футболшыларға қолдау қажет. Жанкүйерлер ұлттық құраманың ойыны үзбей қарап жүр. Жағдайды жақсы біледі. Жанкүйерлер алдында жеңіске жетеміз деп үміттенемін.