Максим Федин: «Ең бастысы – жанкүйерлерге қуаныш сыйлап, үш ұпай алу»
- Ұлттық құраманың қатарында алғашқы ойыныңызды өткіздіңіз. Қандай әсер алдыңыз?
- Әрине, ұлттық құраманың намысын қорғау – үлкен абырой. Сонымен қатар, үлкен жауапкершілікті жүктейді. Жеңіске жеткен сәтте алғашқы әсерім ерекше болар еді. Латвиямен өткен ойында ең алдымен командаға көмектесуді ойладым.
- Андоррамен өтетін қарымта ойыннан не күтесіз?
- Ертең жақсы футбол көрсетіп, жеңіске жетуге ұмтыламыз. Алдағы ойында гол соғатын сәттерді жиі ұйымдастырып, мүмкіндіктерді жібермейміз деп ойлаймын. Сонымен қатар, қорғаныста сауатты ойнап, қарсыласқа мүмкіндік бермеу қажет.
- Қазақстан құрамасы Андорраны ірі есеппен ұту арқылы жанкүйерлер наразылығын тоқтатуға бола ма?
- Ең алдымен жеңіс қажет. Ірі есеп болуының маңызы аздау. Ең бастысы – жанкүйерлерге қуаныш сыйлап, үш ұпай алу.