Станимир Стоилов: «Негізгі құрамға лайық футболшылар алғашқы минуттан бастап алаңға шығады»

Станимир Стоилов: «Негізгі құрамға лайық футболшылар алғашқы минуттан бастап алаңға шығады»

15 қазан 2018, 18:11
Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері Станимир Стоилов Андоррамен өтетін матч алдында баспасөз мәслихатына қатысып, журналистердің сауалдарына жауап берді:

— Топтан бірінші орын алу мүмкіндігі аз. Сол себепті Андоррамен өтетін ойында жастарға мүмкіндік бересіз бе?

— Топтан шығу мүмкіндігі аз екені анық. Кем дегенде екінші орын алу қажет. Грузия құрамасы Еуропа Чемпионатына топтық кезең арқылы жолдама алса, онда екінші орын алған команда іріктеу кезеңіне қатысады. Ойын ережесі солай жазылған.  Бірінші орын үшін таласу қиынға түспек. Ертең жасыл алаңға ең мықты ойыншылар шығады. Біздің құрамада жас футболшылар жетерлік. Ұжымның сенімділігін арттыру керек. Ұлттық құрамадағы орын сыйлық емес. Қай футболшы лайық? Сол ойнайды. Ойынның негізгі құрамында өзгерістер болады. Өткен ойындарда өздерін көрсете алмаған футболшыларға да мүмкіндік беріледі.

Латвиямен ойында жеңіске жету үшін не жетпеді?

— Футбол ойнауды қалаймыз. Соны көрдік. Гол соғып, жеңісті жұлып әкететін сәттер болды. Алайда, оңай гол жіберіп қойдық. Ойыншылардың шеберлігімен көбірек жұмыс істеу керек. Сенімділік арқылы жеңіс келеді. Соңғы пас жетпеді деп ойлаймын. Жұмыс істеу керек.

— Ертеңгі ойында Исламбек Қуатты алмастыратын ойыншы бар ма?

— Орталық алаңның ойынына алаңдамаймын. Бірнеше футболшылар бар. Орталық алаңды сенім тапсыруға болатын жас футболшылар да бар.

Өткен ойындарда бірнеше футболшының ұнамағанын айтып өттіңіз. Нақты кімдер туралы айттыңыз?

— Олар үздік қасиеттерін көрсете алмады. Олар әлі де жақсы ойнай алады. Басқа футболшылардың мүмкіндіктерін көреміз. Негізгі құрамда ойнайтын нақты футболшылар бар. Өз әлеуетін аша алмай жүрген футболшылар да бар.

— Юрий Логвиненконың ұлттық құрамада ойнай жүргені «Астананың» негізгі құрамына ілінбеуіне байланысты ма?

- Алғашқы ойында оның жарақаты болды. Қалпына келіп үлгермеді. Денсаулығы жақсы болса ойнар еді. Екінші кездесуде Андоррамен өте жақсы ойнады. Әзірге оның позициясында мәселе жоқ. Қорғаныс шабуылға көмектеседі. Сол себепті шабуыл да қорғанысқа қол ұшын беруі тиіс.

Андоррамен ойынға Бауыржан Исламхан дайын ба?

— Грузиямен ойыннан кейін оның аздап жарақаты болды. Үш күннен кейін Андоррада ойнады. Ол жаттығып жүр. Ойнауға дайын.

Қазақстан құрамасы наурыз айында жақсы ойнады. Мүмкін бізге «күз-көктем» жүйесіне көшу қажет шығар?

— Наурыз айында ашық футбол ойнайтын командалармен кездестік. Шабуылды ұйымдастыруға көп кеңістік ұсынды. Әзірге гол соғатын жолды таба алмай келеміз. Ойын өрнегін өзгертпеймін. Менің командам шабуыл мен қорғаныста бірдей болуы тиіс. Бір рет нәтиже жақсы болуы мүмкін. Екінші рет басқаша болады. Әрқашан өз ойын үлгіңді сақтау қажет. Ұлттық құрама тізгінінде өткізген ойындарымның барлығы бірдей болмады. Қарсыластан нашар ойнадық деп айта алмаймын.

Бөлісу
Жоғары