Юрий Перцух: «Ұлттық құраманың негізгі ойыншысы болғым келеді»
- Маусымға дайындық қалай өтіп жатыр?
- Жоспар бойынша дайындалып жатырмыз. Алдағы чемпионт қызықты болады деп үміттенемін. Басқа командалардың дайындығын бақылап отырып, бәсекелестік жоғары болатынын байқаймын.
- Қазақстан құрамасы Молдовамен жолдастық матч өткізеді. Осы ойын туралы не ойлайсыз?
- Молдовамен өтетін ойын бас бапкер үшін барлық үміткерлерді қарап шығуға берілген мүмкіндік деп есептеймін. Ойыншылар шеберліктерін дәлелдеуі тиіс. Жаттықтырушылар штабының дұрыс қорытынды шығарғаны маңызды. Наурыз айында өтетін ойындарға жақсы дайындықпен келу қажет.
- Ұлттық құраманың қатарында қандай мақсатқа қол жеткізгіңіз келеді?
- Ең жоғары мақсаттарды ғана алға қоямын. Алдағы тунирлерде ел намысын қорғайтын Ұлттық құраманың негізгі ойыншысы болғым келеді.
- Қазақстан құрамасының 2020 жылғы Еуропа Чемпионатының іріктеу кезеңіндегі қарсыластарын барлығы біледі. Біздің топ туралы қандай ойдасыз?
- Топтың барлық ойындары қызықты өтетініне сенімдімін. Іріктеу кезеңі біздің құрама үшін мол тәжірибе береді. Алдағы ойындарға шақырту аламын деп үміттенемін.
- Топтың көшбасшылары кімдер?
- Бельгия мен Ресей. Екі құраманың да топтан бірінші орын алуға мүмкіндіктері бар.