Футзалдан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы 2019 жылғы Еуропа Чемпионатының іріктеу турниріне қатысады

Қазақстан құрамасы бірінші топта Польша, Франция және Финляндия құрамаларымен ойнайды. Негізгі іріктеу кезеңі жеті топқа бөлінген. Әр топтың жеңімпаздары Латвияда өтетін финалдық кезеңге қатысады. Финалдық кезеңнің ойындары 8-14 қыркүйек аралығында «Арена Рига» (Рига) стадионында өтеді.
19 жасқа дейігі Қазақстан құрамасының оқу-жаттығу жиынына 15 ойыншы шақырылды:
Қақпашылар:
Нарын Серіков («Қайрат»), Бақдәулет Өмірзақов («Аят»)
Алаңдағы ойыншылар:
Бекзат Төлеутай, Ерсұлтан Өтегенов, Вадим Пастарнак, Вадим Булдин (барлығы - «Аят»), Әлішер Сәрсенбаев, Нұрсат Көшербаев, Ербазы Қуанышбек (барлығы - «Інжу»), Марк Ким, Бекзат Рахымтаев, Темірлан Қатыбаев, Әсет Сағынаев, Ертуған Төлеубеков, Лев Ким (барлығы - «Қайрат»).
Аға жаттықтырушы – Қанат Танақпаев.
Қазақстан U-19 құрамасының 2019 жылғы Еуропа Чемпионатының іріктеу кезеңіндегі ойын кестесі:
27.03.2019. Қазақстан U-19 – Франция U-19
28.03.2019. Польша U-19 – Қазақстан U-19
30.03.2019. Қазақстан U-19 - Финляндия U-19.