Михал Билек: «Орталық қорғаушылардың көбі ойнамады»
- Қарсылас бүгін жеңіске лайық болды. Ресей футболшылары ойында басымдық танытты. Біздің жіберген қателіктерден гол соқты. Бүгін олардың ойыны жүрді.
- Есеп 3:0 болғанда шабуылшының орнына шабуылшыны шығардыңыз. Қорғаушыны ауыстыруға да болатын еді. Неліктен?
- Шотландиямен ойындағыдай екі шабуылшымен ойнадық. Қапталдағы ойыншылардың шабуылға араласып, шабуылды жалғастырғанын қаладық. Бүгін жолымыз болмады.
- Орталық алаңда мәселе көп болды. Тәжірибелі ойыншыларға неге таңдау түспеді?
- Жуковтың да, Перцухтің де мүмкіндігін жақсы білеміз. Орталық қорғаушылардың көбі ойнамады. Жуковтың ертерек шыққанын қаладық. Алайда, төртінші голдан кейін ойынды өзгерту қиын болды.
- Шотландия және Ресеймен ойын екі түрлі болды. Қарсыластардың деңгейінде айырмашылық бар ма?
- Көптеген футболшылар өз клубтарында ойнамайды. Қатеден сабақ шығарып, сараптау қажет. Екі ойынның арасында үш күн үзіліс болды. Біздің футболшылардың өз клубтарында тұрақты ойнағанын қалаймын. Көбінің денсаулығы сыр берді.
- Алексей Щеткин мен Темірлан Ерлановтың жағдай қалай?
- Алексей оқу-жаттығу жиынына жақсы дайындықпен келді. Шотландиямен ойынның алдында жарақат алды. Кеше қайта жаттыға бастады. Бүгін арқасы ауырды. Темірлан ойнағысы келді. Алайда, оның денсаулығын сақтағанды жөн деп шештік.