Александр Фамильцев: «Ресей құрамасы үшін Бельгиядан кейін Астанадағы ойын ауыр болмақ»

Александр Фамильцев: «Ресей құрамасы үшін Бельгиядан кейін Астанадағы ойын ауыр болмақ»

24 наурыз 2019, 14:45
19 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасының аға жаттықтырушысы Александр Фамильцев Қазақстан Футбол Федерациясының баспасөз қызметіне берген сұхбатында ҚР мен РФ құрамалары арасында өтетін ойын туралы пікірімен бөлісті.

- Александр Михайлович, Қазақстан құрамасында тоғыз жыл ойнадыңыз. Соңғы жылдары ресейлік клубта бапкерлік қызмет атқардыңыз. Екі елдің футболынан хабарыңыз мол. Олардың айырмашылығы қандай?

Қазақстандық футболшылардың техникалық шеберлігі жақсы. Біздің ойыншылар доппен жүргенді ұнатады. Ресей футболшылары батыл футбол ойнайды. Сонымен қатар, олардың физикалық дайындығы жоғары.

Станислав Черчесов командасының қандай ерекшеліктері бар?

Ресей құрамасының ойынында тактикалық дағды көзге көрінеді. Футболшылар жаттықтырушылар штабының талаптарын толық орындайды. Ресей құрамасының ерекшеліктері – жылдам әрі сенімді ойын. Дайындақтары жақсы. Жас әрі шебер футболшылар бар.

Қазақстан мен Ресей арасындағы матч қалай өтпек? Кездесуден қандай ойын күтесіз?

Тартысқа толы ойын болады деп үміттенемін. Қазақстан жанкүйерлерінің қолдауымен алға ұмтылады. Сол себепті Ресей құрамасына ойын оңайға соқпайтыны анық. Оның үстіне көршілеріміз сырт алаңда Бельгиямен ойнап, Қазақстанға келеді. Алғашқы ойын футболшылардың көңіл-күйі мен дайындығына әсер етуі ықтимал. Қарсыласқа есе жібермейміз деп ойлаймын. Жанкүйерлердің қолдауымен жеңіске жету мүмкіндігі арта түседі.

15 жыл бұрын, 2004 жылдың тамызында Қазақстан құрамасы Ресейдің клубтық құрамасымен кездескен болатын. Сол ойында жасыл алаңға шықтыңыз. Кездесуден қандай естелік қалды?

Қостанай қаласындағы жаңартылған стадионға толған жанкүйерлердің қолдауы есімде қалды. Жақсы ойын болды.

Қазақстан құрамасындағы жас ойыншылардың мүмкіндіктерін қалай бағалайсыз?

Менің ойымша, жас футболшылар мен тәжірибелі ойыншыларды салыстыруға болмайды. Өйткені, жасыл алаңда барлығының деңгейі бірдей болуы тиіс. Жастардың ең алдымен кеудемсоқтығы және жанкүйерлер алдында есте қалуға ұмтылатынын ғана атап өте аламын.

- Біздің құраманың ішінде қай футболшыны көшбасшы деп санайсыз? Қай футболшының ойыны ұнайды?

- Мен өзім қорғаушы болдым. Сол себепті Юрий Логвиненконың ойыны мен көшбасшылық қасиеттері көңілімнен шығады. Оның үстіне «Ақтөбе» футбол клубында бірге ойнадық. Шабуылда Бауыржан Исламханның ойыны ерекшеленеді. Оның шеберлігі мен шабуылды аяқтау ұшқырлығы көзге түседі.

Ұлттық құрама мен барша қазақстандықтарға айтар тілегіңіз

- Ұлттық құрамаға жарқын жеңістер тілеймін! Қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтап, бақыт пен сәттілік серік болсын дегім келеді.

Бөлісу
Жоғары