Төрелік ету және қадағалау бойынша УЕФА семинары өтті

Төрелік ету және қадағалау бойынша УЕФА семинары өтті

03 шілде 2019, 09:25
Швейцарияның Ньон қаласында УЕФА қауымдастығына мүше федерациялардың төрелік ету және қадағалау департаменті директорларының қатысуымен семинар өтті.

Қазақстан футбол федерациясынан шараға Төрелік ету және қадағалау департаментінің директоры Сергей Кенетаев шақырылды.

Кездесуде ұйымдастырушылар мен қауымдастық өкілдері футболдың ойын ережесін бірыңғай баяндалуына қатысты келісімге келіп, жақында өзгертілген ережелер мен VAR инновациялық жүйесін қолдануда УЕФА кеңестерін талқылады.

Семинар Еуропа қауымдастықтарының өзара тәжірибе алмасуына мүмкіндік берді.

Бөлісу
Жоғары