Предраг Грозданович: «Қазақстанның деңгейі жоғары, сол себепті жақсы ойын күтеміз»

Предраг Грозданович: «Қазақстанның деңгейі жоғары, сол себепті жақсы ойын күтеміз»

31 тамыз 2019, 15:18
Сербия әйелдер құрамасының бас бапкері Предраг Грозданович Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметіне берген сұхбатында 2021 жылғы Еуропа Чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Қазақстан мен Сербия ойыны туралы айтып берді:

- Предраг, 2021 жылғы Еуропа Чемпионатының іріктеу кезеңіне дайындық қалай болды?

- Іріктеу кезеңінің ойындарының маңыздылығы жоғары. Еуропа Чемпионатының финалдық кезеңіне шығуға үміттенеміз. Жоспарға сай дайындық басталды. Оқу-жаттығу жиыны мен жаттығуларды көп өткіземіз. Сонымен қатар, мықты ұлттық құрамалармен жолдастық матчтар ойнаймыз.

- Қазақстанға мықты құрамды әкеле аласыз ба?

- Іріктеу кезеңіндегі алғашқы ойынның жауапкершілігі жоғары екенін жақсы түсінеміз. Біздің құрама Сербиядағы ең жақсы ойыншылардан құралған.

- 2021 жылғы Еуропа Чемпионатының іріктеу кезеңінде Сербия құрамасының алдында қандай мақсат тұр?

- Біздің міндет — іріктеу кезеңіндегі барлық ойынды жоғары деңгейде өткізу. Жақсы ойынның арқасында алға қойылған мақсаттарды орындауға болады. Жақсы нәтижелердің арқасында 2021 жылғы Еуропа Чемпионатының финалына шығуға болады.

- Топтың көшбасшысы кім?

- Топтағы қарсыластың сапасы мен салмағы жоғары. Францияның көшбасшы екені айқын. Алайда, Австрия құрамасы олардан қалыс қалмайды. Қазақстан мен Македония құрамаларын да құрметтейміз. Сонымен қатар, біздің құраманы да көшбасшылардың қатарына қосамын.

- Қазақстан туралы қандай ақпарат жинадыңыз?

- Қазақстанмен өтетін алғашқы ойынға дайындық жоғары. Жаттықтырушылар штабы барлық қарсыластың ойынын саралап, біздің футболшыларды алдағы ойынға дайындады.

- Қазақстан – Сербия матчынан не күтесіз?

- Өз командамнан жақсы ойын мен оң нәтиже күтемін. Қазақстан құрамасының да біліктілігі жоғары. Сол себепті жақсы футбол болады деп ойлаймын.  

Бөлісу
Жоғары