Қазақстан Ұлттық құрамасы Кипрге келді
05 қыркүйек 2019, 00:55

Қазақстан Ұлттық құрамасы Талғарда үш күн оқу-жаттығу жиынын өткізді. Алматы - Ларнака - Никосия бағытымен жеті сағаттай жол жүрді. Қазақстан құрамасының қатарынан тыс қалған ойыншы жоқ.
Ертең матч алдындағы жаттығу жоспарланған. Қазақстан құрамасының жаттығуы елорда уақытымен 22:00-де басталады.
Ал, Кипр - Қазақстан ойыны 6 қыркүйек күні «GSP» стадионында өтеді. Басталуы - 22:00.
Жаңалықтар
04 қыр., 09:00
01 қыр., 09:00