Рәзия Нүркенова: «Бірінші таймда гол соққанда, ойын басқаша болар еді»

Рәзия Нүркенова: «Бірінші таймда гол соққанда, ойын басқаша болар еді»

01 қыркүйек 2019, 19:07
Қазақстан қыздар құрамасының бас бапкері Рәзия Нүркенова Сербиямен өткен ойынның қорытындысын шығарды:

- Есеп - 0:3, алайда мен командаға алғыс айтамын. Қыздарымыз талпынды. Физикалық жағынан есе жібердік. Күш жетпеді. Бірінші таймда гол соққанда, ойын басқаша болар еді.

- Ойын алғашқы голға дейін болды ма?

- Иә, келісемін. Екінші таймда қорғаныста қарап қалмай, белсенді қимылдадық. Алайда, гол жіберіп алдық. Оның үстін шаршап қалдық. Сербия - салмақты қарсылас. Қиын ойын күттік.

- Ойын Шымкентте өтті. Жанкүйерлер де жиналды. Қалған ойындардың да осы қалада өткенін қалайсыз ба?

- Әр қалада қыздар футболын насихаттау керек деп санаймын. Өткен жылы Павлодар қаласында Англиямен ойнадық. Бүгін Шымкентте ойын қабылдадық. Елорда да ойындар болды. Қазақстанның бар аймағында қыздар футболын жарнамалау керек. Жас қыздарды футболға тартып, мектеп жетекшілерінің қызығушылығын ояту керек. Қазақстан чемпионатына қатысатын командалардың саны арттырған абзал.

- Македониямен ойында құраманың қатарында өзгерістер бола ма?

- Өзгерістер болады. Ойынға жақынырақ айтамын. Сербиямен ойынды саралаймыз.

 

 

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары