Қазақстан құрамасы Сан-Мариноға келді

Қазақстан құрамасы Сан-Мариноға келді

15 қараша 2019, 03:30
Ұлттық құрама 2020 жылғы Еуропа Чемпионатының кезекті ойынын сырт алаңда Сан-Мариномен өткізеді. 

Кеше таңертең Талғарда оқу-жаттығу жиынын өткізген Ұлттық құрама Алматы - Римини бағытымен Сан-Мариноға жол тартты. Сапар 9 сағатқа созылды. Римини әуежайынан Сан-Мариноға автобуспен жарты сағат жол жүрді. Жергілікті уақытпен сағат 20:00-де қонақүйге орналасты. 

Бүгін Михал Билек және ұлттық құрама ойыншысының қатысуымен матч алдындағы баспасөз мәслихаты өтеді. Сонымен қатар, ойын алдындағы жаттығу да жоспарланған. 

Бөлісу
Жоғары