Михал Билек: «Турнир кестесінде жоғары орын алуды көздейміз»

Михал Билек: «Турнир кестесінде жоғары орын алуды көздейміз»

16 қараша 2019, 01:06
Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері Михал Билек Сан-Мариномен өтетін ойын қарсаңында журналистердің сауалдарына жауап берді:

- Соңғы ойындармен салыстырғанда құрамада өзгерістер жоқ. Жарақат алған Абзал Бейсебековтің орнына Дмитрий Мирошниченко шақырылды. Қалғандары ойынға дайын ба?

- Ойыншылардың барлығы дайын. Бейсебеков сырқаттанып қалды. Ертеңгі ойында жеңіске жету керек. Турнир кестесінде жоғары орын алуды көздейміз.

- «Астана Арена» стадионында Сан-Мариномен өткен алғашқы ойын оңай болмады. Бірінші таймның соңында ғана есеп аштық. Сан-Марино сапынан қай ойыншыны атап өтесіз?

- Алғашқы ойында біздің футболшылар жақсы ойнады. Ұзақ уақыт есеп ашылмады. Сан-Марино сапында іріктеу бойы ойыншылар жиі алмасты. Сондықтан, баға беру қиын. Никола Нанни деген жас футболшыны атап өткім келеді.

- Соңғы екі ойында нағыз шабуылшылар болмады. Ертең кім бірден алаңға шығады?

- Тізімде екі шабуылшы бар. Алексей Щеткин және Абат Айымбетов. Ертең қайсысы алғашқы минуттан бастап алаңға шығатынын білемін. Уақытынан бұрын айтқым келмейді.

Бөлісу
Жоғары