Юрий Перцух: «Қорғаныста қарап қалмай, қарсыласқа өз ойынымызды ұсынамыз»

Юрий Перцух: «Қорғаныста қарап қалмай, қарсыласқа өз ойынымызды ұсынамыз»

19 қараша 2019, 04:17
Қазақстан Ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Юрий Перцух Глазгода Шотландиямен өтетін ойын алдында баспасөз мәслихатына қатысып, журналистердің сауалдарына жауап берді:

- Қазақстан үшін ертең алғашқы ойынмен (3:0) салыстырғанда қаншалықты қиын болмақ? Алғашқы минуттан бастап алаңға шығуға дайынсыз ба?

- Шотландиямен өткен алғашқы ойынның нәтижесін қайталауға тырысамыз. Ертең жеңіске жетіп, жанкүйерлерге қуаныш сыйлап, топтан үшінші орын алу үшін күш саламыз. 

- Шотландиямен өткен алғашқы ойында Қазақстан құрамасы шабуылда ойнады. Ертеңгі ойынға жоспар қандай? Қазақстан қорғаныста ойнайды ма? 

- Ойынның қалай өрбитінін айту қиын. Алайда, қорғаныста қарап қалмай, қарсыласқа өз ойынымызды ұсынуға ұмтыламыз. 

- Қазақстан үшін іріктеу кезеңін үшінші орынмен аяқтау қаншалықты маңызды? 

- Біздің алдымызда үшінші орын алу міндеті тұр. Ертең жеңіске жетуге тырысамыз. 

- Алғашқы ойыннан кейін Шотландия құрамасының қарсыласты бағаламағанын айтып өттіңіз... Ертең Шотландия құрамасы басқа ойын көрсетеді деп ойлайсыз ба? 

- Әрине, Қазақстанда өткен ойынмен салыстырғанда басқаша ойын болады деп есептеймін. Басқа қарсылас алаңға шығады деп ойлаймыз. Кездесуге толық дайындықпен шығамыз. 

- Басқа ойын болғаны қалай?

- Алғашқы ойын Нұр-Сұлтан қаласында өтті. Ұзақ жол сапары мен жергілікті ауа-райына бой үйрету қарсыласымыз үшін қиынға түсті. Ертеңгі ойын сырт алаңда өтеді. Жергілікті жанкүйерлердің қолдауымен Шотландия құрамасы алға ұмтылатыны анық. Біз де қолдаусыз қалмаймыз. Биылғы маусымда сырт алаңда өткен әр ойында Қазақстан құрамасының жанкүйерлері қолдау көрсетіп келді. Глазгодан үш ұпай алып қайтуды қалаймыз. 

Бөлісу
Жоғары