Дәурен Нұрғожин: «Дайындық жоспарға сәйкес өтуде»
- 2020 жылғы Әлем Чемпионатының элиталық кезеңіне дайындық қалай өтуде?
- Барлығы жақсы. Үш күн бұрын елордаға жеттік. Ауа-райының қолайсыздығына байланысты аздаған қиындықтар болды. Күніне екі рет жаттығу жүргізіп жатырмыз. Дайындық жоспарға сәйкес өтуде.
- Қарсыластар туралы қандай пікір қалыптасқан?
- Қарсыластардың барлығы салмақты. Еуропада осал құрамалар жоқ. Чехия - жарыс иелері. Словения ірі турнирлерге жиі қатысады. Румыния жақында ғана лайықты қарсылық көрсетті. Қазақстанның әлемдегі жоғары орнын дәлелдеуге тырысамыз.
- Команданың алдында қандай міндет қойылды?
- Басты міндет – элиталық кезеңнің қорытындысы бойынша топтан бірінші орын алу. 2020 жылғы Әлем Чемпионатының финалдық кезеңінде ойнауды қалаймыз.
- Игита мен Дуглас жарақатынан айығып, команданың қатарына қайта оралды. Олардың ойыны құраманың сенімін арттыра түсе ме?
- Олар жарақат алған болатын. Бірақ, қазір толық жұмыс жасап жатыр. Әрине, олардың командадағы орындары ерекше. Алға қойылған міндетті толықтай атқарамыз деп ойлаймын.