Киберфутболдан Қазақстан құрамасы Еуропа Чемпионатының келесі кезеңіне шықты

Киберфутболдан Қазақстан құрамасы Еуропа Чемпионатының келесі кезеңіне шықты

24 наурыз 2020, 17:00
Құрлық біріншілігінің алғашқы іріктеу кезеңі аяқталды.

Турнирдің ресми атауы - eEURO 2020. Ұлттық құрамалардың деңгейінде ұйымдастырылатын ірі жарыс.

Қазақстан құрамасы «С» тобында Швейцария, Молдова, Солтүстік Македония, Босния және Герцеговина құрамаларымен сынға түсті.

Біздің құраманың намысын eEURO 2020 жарысында еліміздегі ең мықты киберфутболшылар қорғады. Еуропа чемпионатында ойнау құқығына ие болған Қаныш Әбікенов пен Кабир Добай ел чемпионатының жеңімпаздары.

Еуропа Чемпионатының іріктеу кезеңі екі айналымнан тұрды. 9-10 наурыз күндері өткен алғашқы айналымда Қазақстан құрамасы Молдова (5:3) және Солтүстік Македония (5:4) құрамаларын ұтып, Швейцария (5:5), сондай-ақ Босния және Герцеговинамен (5:5) өткен кездесулерді тең аяқтады.

Екінші айналымның ойындары 23-24 наурыз күндері өтті. Бұл жолы біздің жігіттер Солтүстік Македония (5:3) және Швейцария (4:2) құрамаларын жеңіп, Молдовмен (2:2) тең ойнады. Ал, Босния және Герцеговина құрамасына (0:4) есе жіберді.

Топтағы бірінші орынды иеленген Босния және Герцеговина құрамасының ойыншылары турнир ережесіне сәйкес, eEURO 2020 жарысының финалдық кезеңіне тікелей жолдама алды. Қазақстан құрамасы екінші орынды иеленіп, іріктеу жарыстарының келесі кезеңіне қатысу құқығын жеңіп алды. Келесі іріктеу кезеңінің құрамы мен ойын кестесі кейін белгілі болады.

 

Киберфутболдан Еуропа Чемпионаты. eEURO 2020

Іріктеу. Алғашқы кезең. «С» тобы.

О

Командалар

О

Ж

Т

Ж

Голдар

Ұпайлар

1

Босния және Герцеговина

8

6

2

0

41-18

20

2

Қазақстан

8

4

3

1

31-28

15

3

Молдова

8

3

3

2

25-23

12

4

Солтүстік Македония

8

1

1

6

20-32

4

5

Швейцария

8

1

1

6

18-34

4

Бөлісу
Жоғары